Айдана Меденова қазақша сөйлей алатынын дәлелдеді (видео)

0
4 136

Айдана Меденова тыңдармандарын жалаға сенбеуге шақырды. Жақын күндері желіде Айдана Меденованың қазақша сөйлей алмай тұрған видеосы тараған еді. Оны көпшілік сынға алып, түрлі пікірлер айтқан болатын. Бұл оқиға қатысты әнші өзінің қазақи отбасында өсіп, қазақ тілінде ойын еркін жеткізетінін айтып видео үндеу жолдады.

Оның айтуынша, кадрдан тыс видеоларды телеарна қызметкерлері таратып жіберген. "Қандай мақсатпен жасалғанын білмеймін, мүмкін адамның артынан күйе жағу, сынау, аяқтан шалу...?" деген әнші өзінің видеосын таратқан жандарды жақсы болуға шақырып, күрсінді.

Оның видеосын көрген желі қолданушылары әншілігінен бөлек сұлулығына тәнті болатын Айданаға ешкім тиіспесе екен деген пікірлерін жарыса жазып жатыр.

Фото: @aidanamedenova_officialpage

ERNUR.KZ