Әйелінің төсі мен бөксесін елге көрсеткен вайнер халыққа жақпай қалды (видео)

0
1 960

"Маскамен аузыңды жапқанша, ұятты жеріңді жапқаның дұрыс болар еді".


Әйелінің төсі мен бөксесін елге көрсеткен вайнер халыққа жақпай қалды (видео)

Жақында ғана екінші рет перзент сүйген белгілі вайнер Ерболат Жанәбіловтің жары тағы да халық сынынан қалды. Блогердің сыртқы келбеті мен өзін ұстауы желі қолданушылары арасында үнемі талас тудырып келген. Ал соңғы уақытта ол туралы әйелін жалаңаштау арқылы өз оқырмандарының санын арттырып отыр деген пікірлер жиі жазылып жүр.

Ерболат Жанәбілов "Сторизге" жүктеген видеосында жарының киім таңдап тұрғаны байқалады. Төсін ашып, бөксесін көрсеткен келіншегіне аузының суы құрып, тілін салақтатып тұрған блогердің қылығы оқырмандардың ашуын туғызды.




Оқырмандар бұл блогер нағыз еңбегімен көп оқырман жинады десе, енді бірі әйелін жалаңаштау арқылы өз оқырмандарының санын арттырып отыр дейді.

"Маскамен аузыңды жапқанша, ұятты жеріңді жапқаның дұрыс болар еді", "Ұяттан безендер", "Алла сана берсін", "Әйелінде де ес жоқ", "Оларға бұл ерсі емес, тәрбиесі солай", - деп пікір білдіріпті оқырмандар.