Айгүл Иманбаева тойда "қайын атасымен" билеп жүр

0
12 149

Әнші қайынатасымен билеген биінің видеосын желіге жариялады.


Айгүл Иманбаева тойда

Атақты әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның сахнадағы қайынатасы Ақылбай екенін көзі қарақты көрермен жақсы біледі. Ал Ақылбайдың рөлін сомдайтын белгілі актер Бекжан Тұрыс.

Әнші атасымен билеп жүрген видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына салып, "Саxнада Ақылбай атам. Өмірде әріптесім, досым Бекжанмен..." деп жазды.

Мұны көрген желі оқырмандарының есіне "Ұят болмасын" бағдарламасы түсіп, барлығы естерінде қалған естеліктерін жазып жатыр. Олардың сөзінен әлі де болса ол бағдарлама көңілдерінен өшпегенін байқауға болады. Өйткені көпшілігі "Сол бағдарламаны қайталап берсе көретін едік", "Менің балалығымды есіме түсіретін бағдарлама, қайта көргім келеді" деген сықылды ниеттерін білдірген.

Естеріңізге сала кетейік жақында "Ұят болмасын" бағдарламасының кейіпкерлерінің басы тойда тоғысқан болатын.

Фото-видео: aigul_imanbayeva

ERNUR.KZ