Айқын Төлепберген «Air Astana» әуе компаниясы ұшағын сынға алды

0
1 943

Әншінің жазбасы оқырмандардың көкейінде жүрген бірнеше мәселенің ұшын шығарды.


Айқын Төлепберген «Air Astana» әуе компаниясы ұшағын сынға алды

Әншілердің көп уақыты гастрольдік сапармен өтеді. Олар айшылық алыс жерлерге жету үшін көбіне ұшақты көлік етеді. Айқын Төлепберген де аптасына 4-6 рет ұшақпен ұшады екен. Жақында ол әлеуметтік парақшасы арқылы "Air Astana" әуе компаниясы ұшағындағы бағалардың тым қымбат екенін жариялады. Әншінің оқырмандары да бұл мәселеге көңілі толмайтындықтарын жеткізіп, үн қосты.

Әнші бизнес-класс пен эконом-класс орындықтарының айтарлықтай айырмасы жоқ екенін, алайда, бағасы 3 есе қымбат деп реніш білдірді.

«@airastana_kazakhstan маған тағы да ренжитін шығар. Бірақ, мен ҮНСІЗ қалмаймын. Айқын ғой атым... Бизнес класс деп сатқан орындықтар экономдағы орындықтардан еш айырмашылығы жоқ. Мен мұны ЗАҢСЫЗ деп есептеймін. Орындықтарда айырмашылық болмаса да, бағасы 92400 тг тұрады. Ал экономның бағасы 29000 тг. Тек тағамдарында ғана айырмашылық бар. Сонда біз тамаққа 63000 тг төлейміз бе? Бек эйр, Скат, Fly Arystan деген ұшақтар секілді 5-10 мың теңге айырмашылық болсын. Бірақ, бірдей жайлылық пен қызмет көрсету үшін 92400 тг төлеу - тым артық», - дейді әнші Айқын Төлепберген.