Айқын Төлепбергеннің "Барбаросса жоспары" қандай?

0
2 732

Айқын Төлепберген отандық радиолардың біріне берген сұхбатында құпия сақтап жүрген жоспарымен бөлісті.


Айқын Төлепбергеннің

Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Екі әйел алып елді елең еткізген әнші Айқын Төлепберген өзінің құпия сақтап жүрген жоспарымен бөлісті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жүрегі ақ хитмен алдағы уақытта қино түсіруді жоспарлаған. Бұл ақпаратты Айқын "Гакку ФМ" радиосына берген сұхбатында айтты. Өнерпаз бұ жобасын өзінің кішігірім "Барбароса жоспары" деп атады.

Жоспарлы кино желісі өз жұмысын бастап кеткен. Ал, көрерменге келер жылдың басында жол тарады деп жоспарланған туынды комедия жанырында түсіріледі. Қайталанбас туынды болады деп топшылаған жұмыс тобы қызу дайындық үстінде. Сценариінің кем-кетік тұстары жазылып болса, түсірілім де өз жұмысын бастап кетеді деп отыр идея авторы.

Киноның бас продюссері басты рөлді сомдаудан бас тартқан. Алайда, фильмнің режиссёры бас кейіпкерді Айқын Төлепбергеннің өзі сомдаса, кинотуындының нәтежиесін жоғарылау ықтималдығы бар екенін айтып сендіріпті. "Отандық комедия жанрынадағы кинолардың алдын басып озатын туынды болады", дейді әншінің өзі.

Жүрекжарды туындылары көпшілікке жол тартысымен хит болатын Айқынның "Барбаросса" жоспары елдің жүрегінде қалып, көпшіліктің назарында болады деп сенеміз.

"Менің кішкентай ғана Барбаросса жоспарым бар. Алда кино түсіру ниетімен жұмыс жасап жатырмыз. Жұмыстар қазірден басталып кетті. Сценаридің кейбір тұстары жазылып бітсе, түсірілімді бастап кетуге болады. Презинтациясын келер жылдың басына жоспарладық. Басты рөлді өзім сомдаймын. Негізі киноны жоспарлағаннан өзім басты кейіпкерді сомдағым келмеген. Алайда, режиссер мен басқа да жігіттер осы ойыман бас тартуды ұсынды. Киноның нәтижесі үшін. Бұйырса, Отандық кинолардың алдын басып озады деген сеніммен отырмыз".