«Аишада – Range Rover, Bentley – өзінде»: Бүркіт гаражындағы қымбат көліктерін көрсетті

0
2 015

«Ауласындағы автокөліктер бірінен бірі асады»


«Аишада – Range Rover, Bentley – өзінде»: Бүркіт гаражындағы қымбат көліктерін көрсетті

Әнші Бүркіттің үйінде шетелдік автокөліктердің түр-түрі бар екен. Олардың ішінде ең ерекшесі құны ондаған миллион теңге тұратын Bentley. Тіпті, шоу-бизнес өкілінің иелігінде кішкентай балаларын таситын арнайы автокөлік те бар болып шықты.

Әнші күнделікті тұрмыста пайдаланатын темір тұлпарлары жайлы журналист Динара Сатжанға берген сұхбатында айтып берді. Үй ауласында тұрған автокөліктер бірінен бірі асады. Ақ түсті минивэн Айбектің балаларын алып жүреді екен. Сондай-ақ әншінің отбасы оны табиғатқа шығатын кезде пайдаланады. Ал әйелі Аиша Range Rover-ді тізгіндейтін болып шықты. Бүркіттің өзіне Bentley автокөлігі тиесілі. Алайда сұхбат барысында әнші қымбат көліктерден гөрі велосипедпен жүруді ұнатататынын айтқан.