“Айтқанын жазуға қолым бармайды”: Қарақат Әбілдина желідегі хабарламадан қорқып қалғанын айтты

0
1 356


“Айтқанын жазуға қолым бармайды”: Қарақат Әбілдина желідегі хабарламадан қорқып қалғанын айтты

Танымал әнші Қарақат Әбілдина уатсап желісінде келген хабарламадан сескеніп қалғанын жасырмады. Вакцина туралы айтылған хабарлама оны алаңдатып қойған, бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Білім күнінің бастaлуына екі -ақ күн қалды.Оқудың офлайн болатынына шын қуандық.Онлайн бізге жақпады. Балаларымның білім деңгейінің түсіп кеткені соншалық,білгендерін ұмытуға шақ қалды

Ол рас. Келісімен ұлдарды жанталасып @zerdeli.kz орталығына қосымшаға бердік.Аз уақыттың ішінде зейіндері ашылып , білімге бет бұрды. Бұйырса жалғастыра береміз.

Міне енді мектеп басталады.Былайша дайынбыз деп айтқанмен жасырмаймын, "қалай болар екен?" -деген алаңдаушылық бар.

Оның үстіне ватсабтан белгісіз бір ананың "балаларыңызды мектепке жібермеңіздер! Вакцина салғаннан кейін _________ Алла сақтасын ол кісінің айтқанын тіпті жазуға қолым бармай отыр. өте қорқынышты аудио тарап кеткен.

Соңына дейін тыңдай алмадым

Кім жазған? Мақсаты не?

Сөздері өте жаман енді

Негізсіз әңгімемен неге халықты дүрліктіріп,жағдайды ушықтырады?!

Елдегі жағдай болса мынау!

Ауырып жатқандар саны азаймай тұр!

Бұл өзі не әңгіме сонда?

Түк түсінсем бұйырмасын.

Жан-жақтан,ұстаздардан,басқадан сұрастырған болып-ем, ешкім ештеме білмейді.

Түсініксіз күйде мектепке бара береміз бе сонда?!

Сұрақ көп,жауап жоқ…

Осы жайлы сіз не ойлайсыз оқырман?“ - дейді әнші.




Мұны оқыған желідегі аналар да өз қорқыныштары туралы айтып, балалары үшін бәріне дайын екендіктерін жеткізген. “Балаларымыз қуанып жүр. Ал бізде уайым”, “Мен де сол хабарламаны тыңдап жүрегім ауырып жүр. Мектептегі балаларға кім жауап береді?” деген сынды өздерін мазалайтын сұрақтарға жауап іздеген