Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева үшінші мәрте күйеуге шықты

0
19 597

Күйеу жігіт "Нойс" деген лақап атпен қылмыс әлемінде кеңінен танымал.


Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева үшінші мәрте күйеуге шықты

ERNUR.KZ. Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінен алты жас кіші жігітке тұрмысқа шығып, бүгінде Түркияда тұрып жатыр, деп жазады zakon.kz.

Ондағы деректерге сенсек, айтыскер ақын 1983 жылы туған Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тумасы Нұржан Иманәлиевпен үшінші рет шаңырақ көтерген. Күйеу жігіт "Нойс" деген лақап атпен қылмыс әлемінде кеңінен танымал. Жуырда түрмеден жазасын өтеп шыққан көрінеді.
"Биыл 30 тамызда Youtube порталында Дикий Арман деген лақап атпен танымал, бірнеше сотта бірге болған Арман Жұмагелдиевпен бірге Ыстамбұл қаласында түскен видеосы жарияланды. Ол Ыстамбұлда "Нойс" деген атпен караоке-бар ашқан. Оның осы мегаполисте вилласы да бар. Соңғы уақытта Айнұр Тұрсынбаева уақытының көп бөлігін Қазақстанда емес, Түркияда өткізеді. Тіпті, психологиялық тренингтерін осы қаладан он-лайн режимінде жүргізген видеосы да желідегі парақшасында жүр", делінеді деректе.
42 жастағы Айнұр Тұрсынбаеваның ер жеткен ұл-қызы бірінші күйеуінен. Ал екінші күйеуі сенатор болған.