Айжұлдыздың экс-күйеуі: "Мұның өзі түбінде ақиқаттың жеңетінін көрсетіп тұр"

0
8 684

Қыран Талапбек: "Шындық пен жалған қатар жүреді екен".


Айжұлдыздың экс-күйеуі:

Атақты Жанар Айжанованың күйеу баласы Қыран Талапбек өзінің өмір туралы ойларын әлеуметтік желіде бөлісті. Оның бұл жазбасын оқырмандары жеке өмірімен байланыстыруда.

"Өмірде ақ пен қара, бақ пен жала,

Шындық пен жалған қатар жүреді екен. Жас кезінде адамның шашы қара түсті болса, есейе келе ақ шаш басым болады. Мұның өзі түбінде ақтың, ақиқаттың жеңетінін көрсетіп тұр.
Ақиқат пен көзбояюшылықтың, трасса мен орманның, шындық пен өтіріктің, тау тас пен өзеннің ортасында адасып,
Өмірдің сіз күтпеген бұрылысынан тура жолмен өтем десеңіз Land Cruiser 300
мініп алыңыз"
- дейді Қыран Талапбек.

Қыран Талапбектің жазбасына қалжыңдаған оқырмандары "Сен де Қуат ақынға ұқсап, ұйқассыз өлең қуып кеттің" деген сияқты теріс пікірлерді көптеп жазуда. Арасында "Әйелің мен балаңды ұмытпа!" деген де пікірлер жоқ емес.

Десе де белгілі кәсіпкерге тілектестік білдіріп, қолдап жатқандар да бар.