Әкесіне еркелеген Бағлан Әбдірайымовқа тыңдармандары тәнті болды (видео)

0
1 361

Әнші: "Асқар тау әкеме еркелеп жатырмын".


Әкесіне еркелеген Бағлан Әбдірайымовқа тыңдармандары тәнті болды (видео)

Тыңдарманның сүйікті әншісі Бағлан Әбдірайымов желідегі парақшасына әкесінің алдында еркелеп жатқан видеосын жариялады.

Ол оны оқырмандарының сұрауы бойынша жүктегенін айтқан.

Мұны көрген желі қолданушылары олардың жылы қарым-қатынастарына тәнті болып, таңданыстарын жасырмаған. Олар "Ең әдемі көрініс. Ата-анамыз барда ең үлкен байлық иесіміз. Алла ұзақ ғұмыр берсін барша ата-аналарға. Ата-анасын төрге шығарар перзенттер көп болсын!", "Аман болсын асқар тауың әкешің!", "Аке-асқар тау деген тауларымыз аман болсын Алла ұзақ өмір берсін" деген ақ тілектерін жарыса жазып жатыр.