"Ақжол Мейірбеков екен дедік": Желі оқырмандары Рахман Омарды атақты әншімен шатастырып алды

0
2 752

Рахман Омар: "Шынымен солай ма?".


Белгілі актер, тележүргізуші Рахман Омарды жұрт атақты әнші Ақжол Мейірбековпен шатастырып алған. Алдымен актер өзінің суретін желіде жариялаған, кейін продюсер Ринат Тәттібай екі жұлдыздың суретін біріктіргенін жариялайды.

Бұл туралы Рахман Омар өзінің парақшасында "Ринат Тәттібай бауырым тосын(сюрприз)сый жасап ,мына суретті жіберіпті. Ақжол Мейірбек ағаға ұқсайсыз дейді. Шынымен солай ма?" деген жазба қалдырған.


Бұл суретті көрген оқырмандар шынымен таңырқап, олардың бір-біріне қатты ұқсайтынын айтқан. Кейбірі жазбаны оқымайынша, екі суретте де Ақжол Мейірбеков деп ойлағандарын жазып жатыр.