Алтынай Жорабаева "Өз ойым" жайында: "ҚҰДАЙДАН БЕЗГЕН, ҚАНЫПЕЗЕРЛЕР ме?"

0
4 215

Эстрада әншісі Алтынай Жорабаева "Өз ойым" бағдарламасының жүргізушілерін намыссыз қаныпезерлерге теңеді.


Алтынай Жорабаева

Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Танымал әнші Алтынай Жорабаева "ӨЗ ОЙЫМ" бағдарлама ұжымын сынға алды. Ол мәні жоқ тақырыпты арқау етіп, жас ұрпақтың миын улап жатқан бағдарламаның шынайы бет бейнесін ашу парызым деп біледі. Бұл жайында әнші инстаграмдағы өз парақшасында жазба қалдырды.

"@nurbolhan бауырымның жазғанын оқып, жағамды ұстап отырмын. Қаршадай қызды бүкіл елдің алдында осылай шығарып отырған " Өз ойым" бағдарламасына тіпті айтар сөзім жоқ. Бұл бағдарлама рейтинг үшін тағы қандай қадамдарға барады екен. Өнер адамдары болып халықтың алдына шығып жүрген соң, мұндай масқараларға бей-жай қарай алмаймын! Ұлтымызды, дінімізді, құндылықтарымызды қайдағы жоқ, болмайтын тақырыптар қозғап, осылай құрту, бізге тән қасиет пе ағайын? Дереу іс әрекет жасап, елге бағдарламаның шынайы бет пердесін ашу біздің парызымыз. Мына сұмдықты Нұрболхан болмаса білмей отыра білмей қаламыз ғой. Ал, қыздың өмірі не болды? Осындай жағдйдан кейін оқудан, жатақханадан қуылыпты. Ата*-анасы елге қарай алмай отыр екен",-деп пікір қалдырған әнші.

Сондай-ақ, Алтынай Жорабаева бағдарлама жүргізушілері туралы да теріс пікірде екен. Қаршадай қыздың намысымен ойнағандарды жүргізушілерді намыстары жоқ, қаныпезерлерге теңеді, әнші.

"Өз ойымның" артында кім отыр? Жарайды, қазаққа қатысы жоқ біреу шығар. Ал, жүргізушілер ше? Намыстары жоқ, Құдайдан безген қаныпезерлер болып тұр ма? Сол бағдарламаға шыққан трансвистит, гей, намыссыз жалаңаштанған қыздарды түсіре келе, бағдарлама, әркім өз өмірін өзінше сүруі тиіс етіп түйіндейді екен. Алла, сақтай гөр", - деп ойын түйіндеді Алтынай Жорабаева.


Айта кетейік, күні кеше пәктігін саудаға салған қыздың видеосын салынған жазба астына көпшілік Алтынай Жорабаеваға ұсыныс білдірген болатын.

ERNUR.KZ