"Ана баласын ұмытушы ма еді": Қарақат Әбілдина бөлек тұратын үлкен ұлы туралы айтты

0
11 404


Танымал әнші Қарақат Әбілдина бөлек тұратын үлкен ұлы туралы айтты. Соңғы кездері оған оқырмандары үлкен ұлының қайда екенін сұрап, "Ұмытып кеткен жоқсыз ба" дегендей түрлі сұрақтар қоя бастаған.

Оқырмандардың ол сұрағына күлген әнші, төмендегідей жазба жариялады.

"Бекболат деген ұлыңыз бар екенін ұмытып кеткен жоқсыз ба” депті дайректке. Алла-ау, ана баласын ұмытушы ма еді деп күліп отырмын. Оның үстіне күн сайын хабарласып сөйлесіп отырмыз ғой.

Ұл өсті. Кеше ғана кішкентай бала еді, бозбалалық шағынан да жылдам өтіп, ер жігіттік кезеңге қадам басты.
Қазір Елордада. Алға қойған мақсатына қадам басып, армандарына жол салып жүр.

Мынау суретте қасындағы кілең біздің отбасылық достарымыздың балалары. Тай-құлындай тебісіп, кішкентайынан тел өсті бәрі.

Әдетте кейінгілері тумай тұрғанда бар мейірім-махаббат үйдің үлкеніне тиесілі ғой. Ал келесі бала келгенде ол өзінің жайлы, қауіпсіз орнын босатуға міндетті болады. Бұл баланың отбасындағы орнын да, өмірге көзқарасын да өзгерте ме деймін.

Тұңғыш бала осылайша жастайынан лидер болуға үйренетін сияқты.
“Барамын” деді. Өзіне лайық кәсіп бастағысы келді. Оқуы тағы бар.
“Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу” дегенді ұстанып,баланы қолдап батамызды беріп керек жерінде ақылымызды айтып, жол көрсетіп отырмыз.Талабы жақсы-ақ,талпынысы ұнайды.Ең бастысы алға қойған мақсаты айқын,өзіне сенімді. Өсіп кеткен бөпелерімізге Аллам өзі жар болсын!
Ал сіздерде қалай, балаңыздың қалауын қолдайсыз ба?".

Осылай жазған әнші ұлының достарымен түскен суретін жариялаған. Мұны көрген желі оқырмандары ұлының өсіп қалғанын айтып, Бекболаттың болашағына жақсылық тілеу.