ӘНШІЛЕР көпбалалы анаға ҮЙ сыйлады - "ҮКМЕТ ЕМЕС, ЖАҚСЫ АДАМДАР ХАЛЫҚҚА ЖАҒДАЙ ЖАСАП ЖҮР" (ВИДЕО)

0
2 492

Ерғали Әбдірайымов бастаған өнер майталмандары Рамазан айында сауапты іс жасады.


ӘНШІЛЕР көпбалалы анаға ҮЙ сыйлады -

фото: Сәкен Майғазиевтің инстаграм парақшасынан

Қасиетті Рамазан айында Ерғали Әбдіраймов бастаған жұлдыздар көпшілікке ауызашар берді. Сондай-ақ, өнер майталмандары бірлесе қаражат жинап, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыға баспананың кілтін табыстады. Бұл туралы "Музарт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев инстаграмдағы өз парақшасында жариялады.

Күнкөрісі мен балаларының ішіп-жеміне қиналып жүрген отбасылардың санын біруге айзайтқан әншілердің бұл алғашқы көмегі емес. 500 адамның басын қосылған ауызашар үстінде көпбалалы ананың қолына баспананың кілті табыс етілді.

"Исламда жария садақа рұқсат етілген. Өнер адамдары орталық мешітте 500 адамға ауызашар беріп, қасиетті айда 6 баласы бар анаға үй сыйлады. АЛЛА тағала ниетімізді қабыл қылғай. Елімізде баспанаға мұқтаж жан болмасын. Әумин! " - деп жазды әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


Өз кезегінде, әншілердің бұл қайырымды ісіне көпшілік алғысын білдіріп, жасаған жақсылығы өздеріне екі есе болып қайтуын тіледі.

«Жарайсыз, осындай кең жүректі азаматтарымыз көбейе берсін! Оразаларыңыз қабыл болсын!». «Ерғали Әбдіраимовқа Рахмет, осындай азаматтар көп болса ғой елімізде», «Өкімет емес осындай жақсы адамдар халықа жағдай жасап жүр, Аллах екі дүние бақытын берсін», «Жасаған жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын. Елімізде сіздердей азаматтар көп болсын» деген оқырмандар разылыққа толы пікірлерін білдіруде.