Қарақат Әбілдина: "Менің анамды да дұғаларыңызға қосып қойсаңыздар..."

0
13 046

Көп балалы ана, танымал әнші Қарақат Әбілдина анасының ауруханада екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің жеке инстаграм парақшасында жариялаған.


Қарақат Әбілдина:

Көп балалы ана, танымал әнші Қарақат Әбілдина анасының ауруханада екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің жеке инстаграм парақшасында жариялаған.

karakat_a: "Бұйырса мамырдың 15 -күні менің ботақаным 1-жасқа толады.Үлкендерден бата аласақ деген ниеттеміз. Үлкен демекші, қызымның нағашы әжесі сырқаттанып, ауруxанаға жатып қалған еді. Алла дертіне шипасын беріп қуанышымыздың ортасында болса екен деп, тілеуін тілеп отырмыз. ИншАллах дұға тілектеріміз қабыл болсын! Баршамызға жақсы амал жасауды нәсіп етсін. Ақ жаулықты аналар қауымына дұға жасап жатсаңыздар, менің анам Қаламқасты да қосып қойсаңыздар деген өтінішім де бар.. Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қашанда қабыл болады ғой, ин ша Алла..! Бауырымыз бүтін, деніміз сау, жақындарымыз аман болсын!".

Мұны естіген әншінің жанкүйерлері тілектестіктерін білдіріп анасымен қатар, өзіне де, қызы Аялаға да саулық тіледі. Біз де әншінің отбасына амандық тілейміз!

Фото әлеуметтік желіден алынды.

ERNUR.KZ