"Арқамызды ысқыламаймыз": Тұрсынбек Қабатов биліктен моншаларды ашуын сұрады

0
1 985

Әзілкеш моншада маска киіп жуынатынын айтқан.


«Әзіл әлемі» театрының көркемдік жетекшісі,танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өзінің инстаграмм парақшасында қоғамдық моншалардың жұмыс істеуіне рұқсат беруін сұрап, видеоүндеу арқылы билікке өтінішін білдірді.

Әзілкеш монша мәселесі халықтың көкейінде жүрген сұрақ екенін айтқан. Сондай-ақ карантинге байланысты барлық тиісті талаптарды ұстана отырырып, жуынатынын да жеткізген.

"Бүгін үйде отырғанымызға тура 2 ай болыпты. 60 күн. 60 күннен асты. Бірақ, ешкім сұрамайды екен. Моншаға түспейсіздер ме деп. Бұл халықтың көкейінде жүрген сұрақ. Моншаны ашыңыздар енді. Тәртіп сақтаймыз, арамызды 2 метр ұстаймыз, бір-біріміздің арқамызды ысымаймыз, маскамен жүреміз», – дейді Тұрсынбек Қабатов.


Тағы оқыңыз:


"Бала-шағама еге боларсыз!": Роза мен Ақбота "Астарлы ақиқатқа" реніштерін білдірді


Екі айдан бері жұмыссыз отырған әншілер ескі киімдерін сатып жатыр