"Армандап отырған шығар": Ерке Есмахан келіндік қызмет атқарып жүр

0
2 687

Әнші өзінің пысық келін екенін айтып, мақтанып алды.


Танымал әнші Ерке Есмахан Instagram-да түрлі видеолар түсіріп, қызықты суреттер жүктеудің шебері. Атақты аяқдопшы Криштиану Роналдумен "түскен" суреттерін жүктеп, оқырмандарын бір шулатқан еді. Енді өзінің тұрмысқа шыққанын айтып, видео жүктеген. Оқырмандардың бірі мұны әзіл десе, енді бірі карантинде тұрмысқа шыққан болуы мүмкін деп жормаладады.

Шоу-бизнес жұлдызының басына ақ жаулық тағып, өзінің келіндік міндетін атқарып жүргені жайлы видеосы Instagram парақшаларының бірінде жарияланған. Бейнежазбада Ерке Есмаханның жанында ұлы да бой көрсетеді. Әнші өзінің пысық келін екенін айтып, мақтанып алды.

"Оқырмандарыма көңіл бөліп, инстаграм қарап, демалып отырмын. Өйткені атам ұйықтап жатыр, енем сериал көріп отыр. Отағасы өзінің тіршілігімен жүр, үйдің ішінде. Кішкентай қызым бесікте. Үлкен ұлым екеуміз отырмыз. Келіншектер, бүгін кешкі асқа не дайындағалы жатырсыздар. Шамалыдан кейін мен де кірісемін. Кешкі асқа бүгін палау дайындасам ба деп ойлап отырмын. Менің ата-енем менің палауымды жақсы көреді. Сондықтан да бүгін ата-енемді қуантсам ба деп отырмын. Мен өзім сондай пысық келіншекпін. Таң ертең ерте тұрамын", - деп айтады Ерке Есмахан.




Желі қолданушылары пікірі екіге жарылды. Оқырмандардың көбі видеоны Еркенің тағы бірі еркелігі деп бағалады.

"Армандап отырған шығар", "Ол инстаграмда ойын деп айтқан, тұрмысқа анық шықпаған", "Күйеуі қайда, ата-енесі қайды?", "Осылар көтеріп те үлгереді, туып та үлгереді", "Шықса, шыққан шығар, карантинде кім тұрмысқа шықпай жатыр" деп жазды олар.