"Ашық-шашық": Роза Әлқожаның образына оқырмандары сын айтты

0
2 194

Орамалды әнші жалаңбас түскен видеоларын жиі жүктейтін болған.


Танымал эстрада әншісі, қазақтың ерке қыздарының бірі Роза Әлқожа бір кездері сахналық стилін өзгертіп, мойнына дейін оранып орамал тағуға көшкен болатын. Қажылыққа барып келіп өзгерген әншінің образын халық жылы қабылдаған еді. Алайда үнемі басынан орамалы түспейтін әнші соңғы кездері әлеуметтік желідегі парақшасында жалаңбас түскен видеоларын жиі жүктейтін болған. Орамалды әншінің жалаңбас жүргені көпшіліктің қызығушылығымен қатар наразылығын да тудырған сыңайлы.

"Бір кездері оранып орамал тағып жүр едіңіз, қазір тақпайсыз ба?, "Бірден орамал тағып кеткендер, бірден шешіп кете салады", "Мойынға дейін орап алып, орамал тағып жүрген қызымыз, стилін өзгерткен бе?", "Басыңыздағы орамалды алмайтын едіңіз ғой, не болды?", "Орамал қайда, қажылыққа неге бардыңыз?, Басында сондай риза болып едім, бірақ өзіңіз білесіз ғой", "Орамал тағып жүрген едіңіз.Тек Меккеге барғаннан кейін тағасыз ба тағы да. Орамалда жүргеніңіз жарасады", "Алаңсыз бар жері ашық-шашық. Оранып жүр едіңіз ғой", - деген сынды пікір қалдырыпты әншінің парақшасында бірнеше оқырманы.