"Ат ұстармен сүйіншіледі": Мұхамеджан Тазабеков ұлды болды

0
3 139

Бұл туралы әріптесі Жандарбек Бұлғақов жазды.


Атақты Тазабеков ұлды болды. Бұл туралы айтыскердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Ол "Аллаға сансыз мақтаулар болсын! Дұға қылып, бата беріп жатқан әр қайсыңызға Алла разы болсын! Бізге не тілесеңіздер, сіздерге Алладан еселеп қайтсын! Қазақтың саны өсіп, сапасы арта берсін!" деп жазды.

Бұл жаңалықты естіген желі оқырмандары ақынның ұлына ұзақ ғұмыр тілеп, ізгі тілектерін ақтарды. Олар "Абыройлы бетке ұстар ер азамат болсын! Елдің елеулі,халықтың қалаулысы болып,иманы берік болып, тақуа,ізілердің қатарынан болсын", "Бауы берік болсын, Мәке! Иманды, білімді, саналы ұрпақтардан болсын" деген шын ниеттерін жазуда. Олардың қатарында танымал Сәкен Майғазиев, Төреғали Төреәлі сынды өнер адамдары да бар.