«Ата-анамнан ерте айрылдым»: Кенжебек Жанәбілов жан сырын ақтарды

0
2 653

Әнші жігіт 17 баланың ең кенжесі.


«Ата-анамнан ерте айрылдым»: Кенжебек Жанәбілов жан сырын ақтарды

ERNUR.KZ. Кешегі«музарттық» серілер, бүгінде ел ағасы атанып, қоғамдық өмірде белді тұлғаларға айналған. Өткен жылы Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалса, Майғазиев Өнер академиясының проректоры. Ал, топ кенжесі Жанәбілов те 2018 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арт-терапия орталығын іске қосқан.

“Кейбіреулер дұрыс түсінбей қалып жатыр, емделу орталығы екен деп. Ол емделу орталығы емес, ол жаңағы есту қабілеті төмен, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық. Ол жерге есту қабілетінен айрылған, ота жасап шыққаннан кейін, бізге келіп, сөйлеп кетуіне ықпал беретін орталық десек болады”, – дейді Кенжебек.

Иә, әншінің үлкен ұлы да есту қабілеті төмен балалардың қатарынан еді. Десе де әртістің ұлына жасалған ота сәтті аяқталып, Жанәбіловтың тұңғышы құрдастарының қатарына қосылды.

Еске сала кетейік, Кенжебек шаңырағы биыл тағы бір нәрестемен толығып, Жанабілов төрт перзенттің әкесі атанды. Өнер өкілінің өзі де 17 баланың кенжесі. Бұйра бас жігіт ата-анасынан ерте айрылса да,ер жеткен шағында ән әлеміндегі ұстаздарының мейірімнен қағылған емес.

“Анамнан, әкемнен ерте айрылған баланың бірімін ғой. Сол анамның көңілін табу үшін осы әнді орындап көңілін көтеретін едім. Ол кісі де өзінің жақсы көретін құрдасы деп айтсақ та болатын шығар енді. Алтынбек деген, көкем бар. Сіздердің алдарыңызға шығуыма септігін тигізген. Менің анам да да жақсы көрген Қоразбаевті. Ол кісінің бір әнін орындамай кетсем шәкірттігіме сын болатын шығар деп ойлаймын. Көкем көріп отырса, көке менің жақсы көретін әнінің бірі еді. Сізге рахмет осындай ән шығарғаныңызға, халыққа сыйлағаныңызға”, – дейді әнші Жанәбілов.

Бүгінде Кенжебектің топ құрамынан бөлек,жалғыз өзі орындаған трэктер тізбегі көбейген. Жанәбілов жеке дара шыңдалуына септігін тигізгін әндер легін күні кеше «Карантиндегі жұлдыз» жобасында шырқап берді.

“Бойтұмарыма айналған ән деп ең бірінші әнжинаққа енген «Бала ғашық» деген ән бар. Мектеп қабырғасынан орындап келемін. Сосын Нұрлан Еспанов ағамыздың «Сұлу қыз» деген әні бар. Ол кезде біз бойдақпыз. Сол екі ән менің бойтұмарым деп айтсам болады”, – дейді Кенжебек.


Дереккөз: shownews.kz.