"Ауласында сағаттап күтіп тұрушы едім": Қайрат Нұртастың әйелі өзінің кімге фанат болғанын айтты

0
6 057

"Ол кезде қасына бармайтынмын" дейді актриса.


Фанаттары көп Жұлдыз Абдукаримова бір кездері өзінің де фанат болғанын есіне алды. Танымал актрисаның кумиры Айжан Нұрмағанбетова болған екен. Ол туралы Жұлдыз өзінің инстаграм парақшасына жазды.

Жұлдыз Абдукаримова: "Сағаттап күтіп отыратынмын...

Бала кездегі оқиға есіме түсіп кетті. Менің кумирім Айжан Нұрмағанбетова еді. Оның стилі, образы қатты ұнайтын. Үлкендерден “Бұл үйде Айжан Нұрмағамбетова тұрады” дегенді естіп, ауласының сыртында сағаттап күтіп тұрушы едім. Сырттай көргеніме мәзбін. Жанына барып, амандасып, суретке түсу деген жоқ. Сөйтіп жүріп өзім де өнер саласына оқуға түстім. Бұл видео сол кездегі тап-таза, пәк балалық арманым үшін түсірілген еді.
Ал сіздің кумиріңіз кім болды?!".


Сүйікті әншісімен бірге құшақтасып тұрған видеосын желіге жариялаған ол оқырмандарынан кумирлері туралы сұрады.

Мұны оқырмандарының басым бөлігі Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримованың фанаттары екенін жазуда. Олар "7 жасымнан бастап тек қана Қайрат ағаны тыңдап келемін 11жыл болды", "Сіздерді жақсы көреміз" деген ойларын жарыса жазуда.