«Ауылдың келіндеріне медаль беру керек!»: Тележүргізушінің ауылдағы өмірі тым ауыр екен

0
1 117

«Біздер, қаланың келіндерінің, «кешкі тамаққа не істейміз?» деген проблемамыз ерунда екен».


«Ауылдың келіндеріне медаль беру керек!»: Тележүргізушінің ауылдағы өмірі тым ауыр екен

Журналист, тележүргізуші, актриса, әнші Перизат Алпыс бір аптадан бері ауылда келіндік міндетін атқарып жүргенге ұқсайды.

Инстаграм парақшасында: «Бір жетіден бері ауылда жүрмін. Летний кухня мен үлкен үйдің ортасын тоздырып, мың қырық бес рет кіріп -шығасың. Келін деген жатпайды екен. Туда-сюда, сюда - туда! Тыным жоқ! Сарылдап аққан ыстық су дайын емес. Бойлердің жылығанын күтесің. Кейде мұздай суға ыдыс жуа саласың.

Уйбааай, ауылда тұратын келіндердің еңбегі таза еңбек екен. Белдері де ауырмайды, балтырлары да сыздамайды екен. Құрт-майы бар, сиыры бар, есік алдын тазалауы бар, еще кешке дейін тамақ, тамақ, тамақ. Бітпейтін қонақ. Біздер қалада тұрып эгоист болып кеткенбіз. Көршілермен араласпақ тұрмақ, әрең амандасамыз. Туалетіміз, ваннамыз үйдің ішінде, мысық ұқсап кіріп алып, далаға шығуымыз қиын.
Ауылда жүріп , блогер атанып, миллиондаған оқырманды аузына қаратып жүрген келіндерге басымды идім. Нағыз робот келіндер ғой»
, - деп жазды.