"Ауырмаңыздар": Мүгедектер арбасына таңылған әнші оқырмандарын алаңдатып қойды

0
7 071

Оқырмандары әншінің тез арада сауығып кетуін тілеуде.


Отандық сахнада өз орны бар әнші жігіт Бейбіт Құшқалиевтің әлеуметтік желідегі парақшасына салған суреті оқырмандарды шошытып қойды.

Әнші, үстіне аурухана киімін киіп, мүгедектер арбасында отырған суретін жүктеп «Ауырмаңыздар!» деп жазған.


Оқырмандары әншінің тез арада сауығып кетуін тілеп, денсаулығына алаңдаушылық білдірген.

"Қатты ауырып қалдыныз ба? Алла шипасын берсін!", "Бүйтіп, бүйтіп биле деп жүріп ауырып қалдың ба?. Тез сауығып кет!", "Алла шипасын берсін! Аурмаңыз!", "Алла шипасын берсин Бейбит мырза! Дұға қылайық мұсылман бауырлар!","Алла шипасын берсін. Ем болсын, не болып калды?", "Тез сауығып кетіңіз! Алла шипасын берсін ! Журегім ауырып кетти ғой" - деп жазады әншінің оқырмандары.

Алайда, кейбір оқырмандар әншіні кино немесе бейнебаян түсіріп жатыр деп болжаған.

"Кино түсірілім деп ойлаймын", "Алла шипасын берсін! Кино сияқты", "Просто интрига! Кино немесе клиптың съемкасы " деп жазады.

ERNUR.KZ