Аяғымен бесік тербетіп, қолымен қамыр жайған келіншектің видеосы оқырмандар арасында талас тудырды

0
2 797

Әлеуметтік желіде тараған аяғымен бесік тербетіп, қолымен қамыр жайып тұрған келіншектің видеосы оқырмандар арасында талас тудырды.


Аяғымен бесік тербетіп, қолымен қамыр жайған келіншектің видеосы оқырмандар арасында талас тудырды

Әлеуметтік желіде тараған аяғымен бесік тербетіп, қолымен қамыр жайып тұрған келіншектің видеосы оқырмандар арасында талас тудырды. Фейзбуктегі парақшалардың бірінде Нұрсұлтан Нақыпбекова осы видеоны жариялап "Мынаған не дейсіздер? Дұрыс па, бұрыс па?" деген сауал жолдады. Оны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылып, көпшілігі келіншектің бесікті аяқпен тербеткеніне шүйлікті.

Дина Ажмагамбетова: "Бесік - қазақтың ең қасиеттісі. Үсіп өлгелі жатса да бесікті отқа жақпаған. Көшіп қонғанда да тастамай алып жүрген. Бесікті бөлейтін жастағы бала болмаса да ең қымбат құнды дүние ретінде сақтап қойған. Ал мына шіркін, сол қасиетті дүниені аяғымен шайқап, бала бағу мен үй шаруасын атқаруда керемет жаңалық ашқандай, "бесаспап келінмін" дегендей ыржаң-ыржаң етіп мәз. Қасиетсіз неме! Тіпті бесіктің қасиетін білмесе де, ана сәбидің өзі қасиетті періште ғой. Сол қасиетті дүние мен қасиетті періштені аяғымен ластап тұрғанын көрдің бе? Әрі келемеждеп, мазақ етіп тұр ғой мына найс неме!" деген пікірін жазыпты. Осы сияқты қарсылықты пікірлер өте көп. Кейбірі "Үй шаруасына үлгермейтін кезде, бұндайды кез келген әйел істейді" деген пікірде.

Ал сіздің пікіріңіз қандай? Ойыңызды бізбен бөлісіңіз!


Видео: әлеуметтік желіден алынды.

ERNUR.KZ