«Ажырасқанды қай атаң айқайлап айтып еді?!» : Қарақат павлодарлық әжейдің аманатын жеткізді

0
1 781

«Өрімдей жас қыздар оларды үлгі тұтуы мүмкін».


«Ажырасқанды қай атаң айқайлап айтып еді?!» : Қарақат павлодарлық әжейдің аманатын жеткізді

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина жақында Павлодар қаласына ән сапармен барыпты. Сонда бір қарт әжейдің батасын алып, оның елге жеткізген аманатын жазды.


«Өнеріміз бағаланып, еңбегіміз еленіп, ел алдында еркелеп жүрген болсақ, ол осы ақ жаулықты аналарымыздың батасы мен көптің тілегі шығар.

Өткен жолы Павлодарға барған сапарымда жасы 70 -тен асқан Рымтай деген қажы апа,Кереку өңіріне өте сыйлы,көпшілік білетін апамыз қатты қапаланып, өкпе-назын айтып, соны маған жеткіз деп аманаттап еді. Аманатқа қиянат жасамайтын әдетім, бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ, айтып жеткізейін. « Қарақат қызым, менің қолым қысқа болып отыр. Сенің сөзің тез жетеді ғой қарғам, осы аманатымды жеткізші айналайын» деп тұрып тапсырды. Сөзін түземей сол қалпында жеткізуді жөн көрдім.

- «Қызды қырық үйден тый» деп қазақ бекер айтпады.
Соңғы кезде қазақтың жап-жайсаң қыздары, әсіресе өнерде, қасиетті сахнада жүрген қыздарымыз “мынаған қосылып едім, енді ажырап кеттім. Бала таптым - деп тіпті ұялмай жарияға жар салып, сүйіншілететін күнге жеттік. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Бәрі бетімен кеткен не масқара. Осыған бір тоқтау бола ма? Ажырасқанды қай атаң айқайлап айтып еді? Күйеуге шыққан қыз бір әулеттің емес, тұтас бірқауым елдің абыройын арқалап бара жатқанын білер ме өзі? Әлде қосылып- ажырасу еріккеннің ермегіне айналды ма? - деп қатты қапаланып отыр екен.

Не дейін, басымды шұлғи бердім тек. Рас. Қатты айтса да - ақиқат. Халыққа белгілі тұлғамын. Оқырмандарыма күнделікті өмірді көрсетуім керек деп тым ас үйіңіздегі ( ішкі кухня) жуындыны сараламай-сараптамай қалың халайыққа төге беру сәнге айналып барады. Ешкімнің жеке өміріне кірісуден аулақпын әрине. Өзім де қыз өсіріп отырмын. Десе де, сыйымыз бен сыйқымыздың сәнін кетірмей, ептеп, аңдап қана қадам басып, айтар сөзге абайлап, ел алдында, оның ішінде бізге қарайтын сіңлілердің алдында жауапкершілік сезінген дұрыс та шығар...»,
- деп жазды әнші.



Әнші Айгүл Елшібаева да өнердегі әріптесінің сөзін қолдады.

«Дұрыс айтады. Қосыламын. Байдан-байға тигенін жыр қылып, өнегедей жариялайтындарға, рейтинг жинайтын ми кеще, хайтерлерге де сабақ болсын! Жас қыздарды бұзатын солар, өрімдей жас қыз, оларды үлгі тұтуы мүмкін. Сондықтан осы істі қолға алып ,жариялап жатса, бәріміз қарсы шығуымыз керек», - деді Айгүл Елшібаева.


Желідегі оқырмандарды да бұл тақырып бей-жай қалдырмады.

«Тәрбие тал бесіктен...кішкентайынан дұрыс тәрбие алмай, "өзім білем" деп -бетпақтыққа үйренген қыз бала, өзге табалдырықты аттағанда сол мінезін қоймайды...», «Бауыр, туысымның абыройы деп тидік, енді солардың абройын түсіріп ел жұртқа масқара қылмайын деп шыдап келеміз. Бәріңе жас та болса айтайын еркекті балаша алдап қате болса да, ия сенікі дұрыс деп алдай берсеңдер ғана жеңесіңдер, қыздар» деген сияқты пікірлерін жазуда.

.