"Баланы жалғыз өзім қалай тәрбиелеймін?": Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр ұрсып қалды (видео)

0
5 378

Олардың видеосы желіде кең тарап кетті.


Отбасылық өміріндегі әр жағдай халықтың назарынан тыс қалмайтын Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр сөзге келіп қалған. Олардың ұрысқан видеолары желіде тез тарап кетті. Онда жүкті Ақбота Дәуренге "Сен мені қалай тастамақшысың? Өлтірем мен сені. Мен жалғыз өзім қалай тәрбиелеймін. Бала маған ғана керек пе? Бері кел, оңбаған!" деп айтып жатыр.


Ал оған Дәурен "Баланы алдырып таста" дейді. Бұл жағдай көпшілікті таңырқатып қойғанымен, бұл видеолар жақында жарық көретін "Мыстан" фильмінің кадрлары екен.

Десе де бұл кадрдегі актерлік құрамға халықтың көңілі толмайтын сияқты. Олар теріс пікірді көптеп жазуда.