"БАС АМАН БОЛСА, ШАШ ШЫҒАДЫ" - Медеу Арынбаев ӨЛІМ АУЗЫНАН қалды

0
2 629

Медеу Арынбаевқа жасалған ота неліктен он сағатқа созылды?


фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Танымал әнші Медеу Арынбаевтың басына күрделі ота жасалды. Сырқаты сыр берген Арынбаев мырзаның он сағатқа созылған ем-дом сәтті аяқталып, сахнаға қайта оралу ниеті бар екен. Бұл туралы әнші "Ревю" жаңалықтарына берген сұхбатында айтты.

Есін жоғалту, яғни "эпилепсияның бастамасы" деген дәрігерлердің диагнозынан соң әнші, ота жасатуға шешім қабылдаған. Ал, аурудың басталғанына бірнеше жыл болған екен. Қауіпті шақтарды артта қалдырған Арынбаев енді салауатты өмір салтын ұстанып, көрерменмен қайта қауышпақ ниетте. Өмірін сахнасыз елестете алмайтын әншіге дәрігерлер біраз күтіну керектігін ескертіпті.

"Ес жоғалту. Түсінікті болар, "эпилепсияның бастамасын" қолға алдық. Соған кетіп бара жатыр еді. Бұрын жылына бір рет көзім қарауытып, бас айналып, ес жоғалтқан кездер болатын еді. Дәрі -дәрмектер уақытылы ішіп тұру керек. Көбірек жүру керек екен. Енді бір айдан асып жатыр. Енді кішкене спортпен айналысу керек болады. Өзінің, дәрігерлердің беріп қойған кеңесі бойынша тамақтанып, су ішу керек. Соны 3-4 ай қатаң қадағалау керек болады. 4 сәуірде ота жасалса, мен 4 мамырда Арман Дүйсеновтың концертіне бас киіммен ән айттым", - деп әнші сахна әлемінен ажырай алмайтынын айтты.

Елуден асқан шағында басына түскен бұл жағдайға әншінің жанкүйерлері де қатты уайымдапты. Сүйікті әншісіне тез сауығып кетуін тілеп, пікір қалдырып жатыр.

" Ой, бауырым, Алла сені екі балаңның көз жасына қалдырған ғой. Бас аман болса шаш шығады, Екі балаңды қанаттыға қақтырмай өсірдің. Енді солардың қызығын көр", "Жаныңызға шипа берсін. Аман жүріңіз, қос құлыншағыңыздың қызығын көріңіз", "Қатты уайымдадық. Тез сауығып кетіңіз", - деп пікір блдірді оқырмандар.

ERNUR.KZ