«Басқа біреу осы орында отырғысы келген шығар...»: Эльвира Ерғалина енді «Түнгі студияны» жүргізбейді

0
3 667

Бұл туралы бірнеше күн бұрын танымал блогер қыз өзінің инстаграм парақшасында жариялаған еді. Ол жазбада Эльвира ол орынынан неліктен кеткенін өзі де түсінбейтінін айтқан.


«Басқа біреу осы орында отырғысы келген шығар...»: Эльвира Ерғалина енді «Түнгі студияны» жүргізбейді

Эльвира Ерғалина: «Түнгі студияданың" бұрышында отырмаймын енді. Иә, бұл бағдарламадағы қосалқы жүргізушілік қызметім аяқталды. Жаңа маусымда орныма басқа қыз келеді. ТВ экранына шығуға мүмкіндік берген Жаратқанға, канал басшылығына алғысым шексіз. Бойымда кез келген істі алып кететін қабілет бар өзіме ризамын. Мен үшін бұл кезең мықты тәжірибе сыйлады, біраз нәрсе үйрендім, жауапкершілікті сезіне түстім.

Орнымнан кеткеніме ренжулімін бе?

Жоқ. Ешқандай реніш те, өкпе де жоқ. Қайта өмірімде жаңа кезең келгелі жатқанына қуанам. Барлық нәрсенің басы мен аяғы бар, менің бұл жобадағы миссиям аяқталған шығар.

Аздап сұрақ па, түсініксіз күй бар. Жоба басшыларының кетуімнің себебін еш түсіндірмеуі және өздерінің ешқайсысы мемен хабарласпағаны. Демек, тікелей сөйлесуге кідіртіп тұрған бірдеңе бар шығар, әйтеуір, осы жері тұманды мен үшін. Өткен маусымды жақсы көрсеткішпен аяқтап, тап сол құраммен жалғастыратын боп шешілген. Бүгін тосын жаңалықты есіттім. Бәлкім, көрерменге ұнамаған шығармын, кәсібилік жоқ шығар менде. Бәлкім, басқа біреу осы орында отырғысы келген шығар. Сбебін өзім де болжай алмай отырмын. Десе де, түсірілім барысында бар мүмкіндігімді қолдандым. Мына бұрышта отырып, эфирге шығатын жанға сәттілік тілеймін! Бастысы, халықтың көңілінен шықса екен. Кім келсе де, лайық адам екеніне сенімдімін. Осы жобадағы бастама қолдау білдірген сіздерге рақмет! Барлық нәрсе жақсылыққа, бұл жобадағы тәжірибемді басқа жерде анық қолданам. Ертең сіздерде сансыз сұрақ туындайтынын білем, сондықтан жеткізіп жатқаным ғой. Ең бастысы мынаған көзім жетті: өмірде бәрі мүмкін, арман-мақсаттар орындалады және өзіңе деген сенім талай жетістікке жеткізеді».

Бұл жаңалықты естіген оқырмандар "Сонда Ұлттық арна жауапкершілігі жоқ арна ма? Әлде өз тамыр танысын жинай ма?", "Эльвира, сіз күшті басқарушы едіңіз, маған сіздің жүргізгеніңіз ұнайтын. Кеше түсірілімде сізді көрмей бір түрлі сезімде болдым, сіздің орныңыздағы басқа адамды көріп" деген сияқты қимастықтарын жеткізген.

Ал, ERNUR.KZ журналистері бұл жағдайдың анығын білу үшін "Түнгі студия" жобасының продюсері Асхат Садырбайға хабарласқан болатын. Асхат Садырбаймен болған экслюзивті сұқбатты ертең оқи аласыздар.

Фото: elvira_ergalina

ERNUR.KZ