«Белдемшем ұзармады»: Баян Мақсатқызы әже болса да, қысқа етек кие беретінін айтты

0
2 534

«Әже болғанда бұнысы ұят»


«Белдемшем ұзармады»: Баян Мақсатқызы әже болса да, қысқа етек кие беретінін айтты

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы бірер ай бұрын әже атанған болатын. Үлкен қызы Айсәуле Бақытбекқызы дүниге қыз әкеліп, жұлдызды әулетті қуанышқа бөлеген еді. Баян Мақсатқызы немересі дүниеге келеді дегеннен өзінің жас әрі әдемі әже екенін айтудан жаңылмай келеді.

Жуырда ғана «Менен «Әже болған қандай екен?» деп жиі сұрайды. Мен «Ғаламат, бірақ, белдемшем ұзармады!» деп жауап беремін», - деген жазбасын жариялады.

Бұған дейін ол құрбысы, журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында халықтың көзінше қысқа көйлекпен жүргеніне еш ұялмайтынын жасырмаған еді. Журналист те қарап қалмай, қысқа көйлек туралы сұрағанда Баян Мақсатқызы:

«Бұл көйлек астанаға арналған. Әже болдым», – деді.

«Әжелер осындай болу керек пе?» деген сұраққа «Әрине!» деп қысылмай жауап берген-ді.

Желіде продюсердің қысқа белдемшесін талқылап, сынап жатқандар көп.

«Әже болдың, енді мынадай қысқа юбка ұят емес пе?», «Баянға бәрі жарасады, ары карай ұзын киемін десе, өзі біледі ғой. А так огонь!», «Кыздай әже ғой», «Маған десе, жалаңаш жүре берсін. Маған бəрібір!» дегендей пікірлер легі толассыз.