"Бет ашылды": Тәуекел Мүсілім шаңырақ көтергенін растады (фото)

0
4 191

Актердің таңдауы 2017 жылы «Қарағанды аруы» байқауында бірінші вице-мисс атанған Махаббат Түктібаеваға түскен.


Танымал тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы талай қыздың арманына айналған Тәуекел Мүсілімнің шаңырақ көтергенін айтты. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында отбасын құрған екі жасқа бақыт тілеп, құттықтау жазба қалдырған.
"Бұл 2016-ның жазы қателеспесем...(1-сурет) Тәуекел қолдау көрсеткен "Менің екінші кітабымның" тұсаукесері. Бірнеше қалада өткен кездесулерде суретке түсуге келген қыздардың санын көріп, оқырман мені емес, Тәуекелді көруге келді дерсіз.
Оны көпшілік жақсы көреді, сері жігіттің эталонына балайды. Оның себебі, тек келбетінде емес, жан дүниесінің сұлулығында дер ем. Өзі де, сөзі де түзу Тәуекел ісімен сыйлы. Əр іске жауапкершілікпен қарайды, артық сөйлемейді, үлкенге құрметі қандай.
Анаңа рақмет, көрегендігің үшін, тәрбиең үшін. Жаңа ғана жағымды жаңалығыңды естіп, қуанып отырмын. Жақсы жігіт сендей-ақ болсын. Махаббат екеуіңді құттықтаймын! Бақытқа лайықсыңдар", - деп жазды Ләйлә.
Тәуекелдің өзі де отбасын құрғанын растады. Ол Instagram-дағы Stories-ға жұбайымен бірге түскен суретін салып, келіннің беті ашылғанын және үлкендердің ақ батасын алғанын жария еткен.


Актердің таңдауы 2017 жылы «Қарағанды аруы» байқауында бірінші вице-мисс атанған Махаббат Түктібаеваға түскен. 24 жастағы бикеш Қарағанды медицина университетін дәрігер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еске салсақ, осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желелерде Тәуекел Мүсілімнің мешітте некесін қидырып тұрған суреті жарияланған болатын.