«Беташардан хайп жасадым»: Амилай барша Қазақстаннан кешірім сұрады

0
2 537

«Қазақтың ұлттық киімін мазақ еттім»


«Беташардан хайп жасадым»: Амилай барша Қазақстаннан кешірім сұрады

Трансгендер Амилай осыдан біраз уақыт бұрын тұрмысқа шығатынын «сүйіншілеп» жар салған болатын. Күні кеше сүйіктісінің туған күніне бара жатқан жерінен алып қашқан болатын. Үлкендер оған шашу шашып, жаңа түскен "келінге" ақ орамал таққан-ды. Онысын Амилай өзінің Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Сторизінде «Хабаршылардың кеткенін, қуғыншылардың енді келетінін, содан соң беташар болатынын» айтты. Бұны көрген бір топ жігіт хайп үшін қазақтың ұлттық киімін мазақ еткен трансгендер мен оның күйеуін ұстап алып, көпшіліктен кешірім сұратты.



"Есімім Абылай Баймұратов. 19 ақпан 2000 жылы туылдым. Кеше қазақтың ұлттық нақыштағы киімін киіп алып беташар жасап қорлағаным үшін кешірім сұраймын", - деді Амилай.

Амилайдың қасындағы жігіті де хайп үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

"Менің инстаграм аккаунтымды өшіріп тастады. Хайп үшін барша қазақ халқынан кешірім сұраймын", - деді Амилайдың күйеуі.