"Біртүрлі сүйкімсіз!": Орыс тілінде сөйлеген Тәуекел Мүсілімнің әйелі сынға қалды (Видео)

0
1 459

"Тағы бір орыс тәрбиеленіп келе ме?" деп жазды оқырмандары.


"Сымбатты жігіт Тәуекелдің жары кім болар екен?" сұрақ көптің көкейінде жүргені жасырын емес. Ол үйленген кезде бар ақпарат көздерінде таралып, оның жары да танымал болып шыға келді. Қазір оның да әлеуметтік желіде жазылушылары көп.

Бірақ оның әйелінің орыс тілінде сөйлейтіні көпшілікке ұнамайтын сияқты. Өйткені ол жариялаған видеоға оқырмандар түрлі пікірлер қалдырып, өкпелерін жеткізіпті.



Оқырмандардың бірі "Сәлем бердік. Қазақша білесіз бе? Қандай бетке ұстар азаматтың жолдасысыз! Өз тілімізде сөйлесеңіз абзал болар еді. Сонда халқым да риза болады деп ойлаймын" десе, енді бірі "Мынау өз ана тілі қазақша сөйлеуді білмей ме?Мүмкін түсінбейтін де шығар? Өзінің есімі МАХАББАТ деп қойылған екен. Тәуекелдей ердің жары бола тұра өз тіліңде сөйлей алмау халық алдында ҰЯТ! Орысша сөйлеп жүрсем әдемі көрінемін деген ойың қате. Анасы қай тілде сөйлесе ұрпағы да солай өседі" дейді. Тағы бірі "Қазақша сөйлеп үйрен, жаным! Басқа ұлтқа күлкі болмауымыз керек. Балапанымыз ана тілін естіп өссін!Тәуекел баламыз екі тілде де жақсы сөйлейді ғой! Ана тілінде сөйлемеген соң біртүрлі сүйкімсіз" деген кеңесін берген.