"Биыл туған күнді тойлаған жоқпын": Жұлдыз Абдукаримова туған күніне неге қонақ шақырмағанын айтты

0
8 231

"Шақырмадың" деп жатқан дос-жарандарға айтарым бар" - дейді ол.


Бірнеше күн бұрын туған күнінде кітабының тұсау кесерін жасаған Жұлдыз Абдукаримоваға "шақырмадың" деп ренжігендер бар екен. Алдымен толассыз келіп жатқан құттықтауларға рақмет айтқан хитменнің әйелі биыл туған күнін тойламағанын жазды. Оның орнына ол садақа беруді жөн санапты.

Бұл туралы актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "Әлі де толассыз құттықтаулар кеп жатыр. Баршаңызға Алла еселенген бақ берсін.
"шақырмадың" деп жатқан дос-жарандарға айтарым, биыл туған күнді тойлағам жоқ, 3 қуанышыма орай бір мал садақа жасап, мұқтаж жандарға таратып жібердім. Сондықтан ренжімеңіздер! Алла амандығын берсе, әлі талай қуанышымды бөлісерміз"
деп жазды.


Мұны оқыған оқырмандары оған ақ тілектерін ақтарып, "Жұлдыз керемет! халықтың алдында аз ғана уақыттың ішінде танылып үлгердің. Талантты әйел екенсің. Қайрат сендей жары бары болғаны үшін бақытты. Ал сендерді ажырасып кеткен дегеніне сенбеймін, сенгім де келмейді. Көз тимесін сендерге", "Алла қабыл болсын Жұлдыз.Өте сұлу ,нəзік, тəрбиелі жансың анаңа мыңда бір рахмет!" деген сынды пікірлерді жаңбырша жаудыруда.