"Блогерлерге қомақты ақша ұсынған": Динара Сәтжан хиджап киген қыздарға қатысты дабыл қақты

0
860

"Ол аз ақша емес" - дейді журналист.


Білгілі журналист, белсенді Динара Сатжан дабыл қақты. Оның бұлай жасауына "Орамалды қыздарға ақша ұсынылып жатыр" дегенді естуі себеп болып отыр екен.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына "Мен жеке өзім дәстүрлі исламды қолдаймын. Жұма күндері шелпек, Бейіттің басына құран оқу, қырқынан шығару және тұсау кесер.

Біздің өз мәдениетіміз бен дәстүрлеріміз бар.
Біз өз тарихымызды келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек.
Ал егер ондаған жылдардан кейін біздің қазақтар қара хиджаб киіп жүрсе?!
Біз осыны қалаймыз ба?
Мен неліктен бұл сұрақты көтеріп отырмын. Өйткені мен блогерлерге орануы үшін ақша ұсынылғанын естідім және ол аз соммада емес дейді. Бұл мені қорқытады" деп жазды.
Динара Сатжанның бұл жазбасы желіде тез тарап, түрлі пікірлер айтылуда.

Солардың бірі Баян Мақсатқызы "Шелпекті біз ата-бабамыздың әруағын еске алу үшін пісіреміз. Ол ислам емес! Біз оны исламға дейін жасайтынбыз" деген ойын қосқан, одан бөлек, "Осы мәселені ашық айтқан сіз ғана. Бұл қоғамның дерті, Динара ханым. Заңды түрде тыйым салып тоқтатпасақ, ертең сақалдылармен алысамыз. Депутат сымақтардың біразы кіріп кеткен сияқты, сондықтан бұл тақырып талқыланбайды" деген пікірді өзге де желі қолданушылары толассыз жазып жатыр.