"Болғанымыз бір-ақ рет": Марат Омаров некесіз туған немересін ресми түрде растады (видео)

0
3 170

Тағдырдың тосыннан әзірлеген сыйына сазгер шын қуанып отыр.


ERNUR.KZ. Таяуда Марат Омаровтың ұлына шағым түсіп, Кәмшат есімді ару Азаматтан қызы барын айтқан еді. Бүгінде мәселенің мән-жайы анықталды. Танымал әулет қазнетте үлкен талқыға түскен мәсле жайлы алғаш рет ашып айтты. Бұл туралы Shownews.kz бағдарламасында айтылды.

«Ол қызды мен танимын. Бір сәттері бірге болғанбыз, рас. Бірақ төрт ай жүріп, оған уәде беру деген сияқты нәрселер болған жоқ. Екі жыл өткен соң сенің қызың бар деп шыққаны аспаннан түскен жаңалық болды», – дейді Азамат Омаров.

«Әнші және атақты болған соң бай деп ойлай ма? Қажеттілікке байланысты қаншама телефон шалатын адамдар бар. Басында мен де аңғармадым. Екі жылдан бері үндемей келіп «Сіздің немереңіз бар» дегенге кім сенеді. Миллиондаған хат келіп жатқанда сенім болмады. Себебі, балам маған айтпаған. Зарина БАҚ-на ашық сұхбат беріп жүрген адам. Маған және менің көмекшілеріме шығып немесе менімен кездесіп көзбе-көз сөйлессе ешқашан қашқан емеспін. Жалпы қазақ қыздарының жылағанын ешуақытта қаламаймын», – дейді Марат Омаров.

Бүгінде Азамат Омаровтың әкелігін растайтын медициналық сараптама дайын. Кішкентай Көзайым сазгердің немересі екені расталды.

«Қазір бәрі анықталды. Көзайым Азаматқызы етіп атадым. Кәмшатқа бақыт тілеймін. Ол қызды жамандамаймын. Әрине, менен де бар. Бірақ мен онымен араласып, қандай екенін де білмеппін. Болғанымыз бір-ақ рет...

Марат Омаров та немересіне қатысты жаңалықтан хабардар. Тағдырдың тосыннан әзірлеген сыйына әнші шын қуанып отыр.

"Мен қалай қарсы боламын. Егер дәлелденіп жатқан дүние болса. Алланың бергеніне қарсы шыға алмаймын. Осы күнге дейін дәлелденбегендіктен мен ешнәрсе айта алмадым. Халыққа да жауап беру маған қиын болды", - деді Марат Омаров.




Айта кетейік, КТК арнасындағы “Астарлы ақиқат” бағдарламасына Кәмшат Таубай есімді ару келіп, Марат Омаровтың ұлынан туған қыз баланы өсіріп отырғанын айтқан болатын.