Депрессиядан қалай шыққанын айтпақ болған Алтынай Жорабаева сынға қалды

0
7 178

Депрессиядан қалай шыққанын айтпақ болған Алтынай Жорабаева сынға қалды. Өзінің инстаграм парақшасына "Қайырлы кеш баршаңызға! Ораза қалай өтіп жатыр? Құрметті қыз-келіншектер!!! Менімен бетпе бет жақын кездесіп, әнімді тыңдап, ойыңызда жүрген сұрақтарыңызды қойып,( барлық тақырыпта шығармашылық, бизнес, жан сұлулығы, тән сұлулығы) немесе мен депрессиядан қалай шыққанымды, депрессияға түспеу үшін не істегенімді білгілеріңіз келеді ме? Қашан ? Қай қаладан бастайтынымды айтамын. Парақшама жазатын боламын Алла қаласа. Кездесу сахнада емес​..." деп жазған Алтынай ханымға оқырмандары түрлі пікірлер жазуда.


Депрессиядан қалай шыққанын айтпақ болған Алтынай Жорабаева сынға қалды

Депрессиядан қалай шыққанын айтпақ болған Алтынай Жорабаева сынға қалды.

Өзінің инстаграм парақшасына "Қайырлы кеш баршаңызға! Ораза қалай өтіп жатыр? Құрметті қыз-келіншектер!!! Менімен бетпе бет жақын кездесіп, әнімді тыңдап, ойыңызда жүрген сұрақтарыңызды қойып,( барлық тақырыпта шығармашылық, бизнес, жан сұлулығы, тән сұлулығы) немесе мен депрессиядан қалай шыққанымды, депрессияға түспеу үшін не істегенімді білгілеріңіз келеді ме? Қашан ? Қай қаладан бастайтынымды айтамын. Парақшама жазатын боламын Алла қаласа. Кездесу сахнада емес..." деп жазған Алтынай ханымға оқырмандары түрлі пікірлер жазуда.

Солардың бірі, @gulshat_asilbekkyzy есімді желі қолданушысы "Алтынай апай сіздікі қандай депрессия? Мені кезінде сүйген жарым ауыруханада операциядан кейін тастап кеткенде қолымда балам да жоқ, басымда баспанам да жоқ, банкте ақшамды алып кеткен кездегі депрессияны айтсаңыз жөн, сіздікі енді ұяттау екен! Біреулер тарыдай сынаққа сынып кетеді, Біреулер таудай сынақтан өтіп кетеді деген рас!!! Әніңізді айтып жүре беріңізші! Ақша табу амалыңыз болса енді бұл "өлермендік болар, сізге ұстаздық қызмете жарасады. Елбасы қолыңыздан алған бақытты әйелсіз арзан дүниеге қызықпағаныңыз абзал, сұныққаннан құныққан жаман деуші еді, осы абыройыңызды жоғалтпаңыз" десе, келесі kumissaginbaeva атты оқырман "Не пале мынау Құдайды ұмытып шетінен бəрі өздерін керім санаған. Ақылгөйсіп депрессияға түспеу үшін дит. Бұда ненің депрессиясы? Ата анасы аман, қойнында бала шағасы аман, бизнесі бар. Дені сау, Даусы керемет. Əн айтса халқы қуанып қолдап жатыр. Аллаға шүкір етпей ме?" деп сынаған, мұнан басқа де осы ауандағы пікірлер әлі де көптеп жазылуда.

Дегенмен әнші бұл пікірлерді орынсыз деп санайтын сияқты, өйткені оларға төмендегідей жауап қайтарыпты.

Әрине барлығы дерлік Алтынай ханымның кездесу ұйымдастыруына қарсы емес, арасында кездесіп, әңгіме-дүкен құрғысы келетін тыңдармандары да табылған.

Фото: @Altynaizhorabayeva

ERNUR.KZ