Димаш әйелдер қауымына тосын сый жасамақшы

0
1 242


Димаш әйелдер қауымына тосын сый жасамақшы

Фото: Димаш Құдайбергеннің инстаграм парақшасынан алынды

Әлемдік деңгейде Қазақстанның мерейін үстем етіп жүрген ерекше дарын иесі Димаш Құдайберген, 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай тосын сый жасамақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Әнші 8 – наурызда "Аққуым" әніне түсірілген бейнеклипін қалың көрермен назарына ұсынбақшы. Бұл туралы әнші өзінің инстаграмм парақшасында жазды.

kudaibergenov.dimash "8 наурызға менен кішігірім тосын сый. Жуырда...",- деп жазады әнші.

«Аққуым» әніне түсірілген бейнебаянның үзіндісін жүктеген әнші тыңдармандарын қуантудан жалықпайды. Ал, Димаштың бұл сыйына жанкүйерлерінің ыстық ықыласы мен жылы лебіздері толастар емес. Бірі: «Не деген керемет сыйлық!», «Асыға күттік қой!», «Дәл мерекеге керемет сыйлық болатын болды» десе, енді бірі «Аллам әр ісіңе береке берсін!», «Аман бол, баққытты бол!» деп батасын беріп жатыр.