Димаш Исландияда түсірілген жаңа бейнебаяннан үзінді жариялады

0
1 175

Жаңа туынды "Біл" ("Знай") деп аталады.


Димаш Исландияда түсірілген жаңа бейнебаяннан үзінді жариялады

Димаш Құдайберген "Біл" ("Знай") әніне түсірілген жаңа бейнебаянының үзіндісін жариялады. Жаңа туындының релизін ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген.

"Жақында... "Біл"...Әнін жазған Игорь Крутой. Сөзі – Михаил Гуцериев", - деп жазды Димаш.

Еске сала кетсек, бір ай бұрын өнер иесінің instagram парақшасында Исландия елінде жаңа бейнебаян түсіріп жатқандығы жөнінде жазба жарияланған болатын.

«Исландиядағы видео кадрлары. Команданың барлық мүшесі малмандай су болды. Бірақ бұл оған тұрарлық. Режиссер Алан Бадоевке кәсібилігі үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Шынымен де ол видеоны нағыз суретшідей түсіретін режиссер», - деп жазған әнші.