Димаш коронавируспен күрескендерге ән арнады (видео)

0
838

"We Are One" жаңа композициясының бейнебаяны әлеуметтік желіде жарияланды.


Димаш коронавируспен күрескендерге ән арнады (видео)

Димаш Құдайберген коронавирус пандемиясына қарсы күреске ән арнады. Әншінің "We Are One" атты жаңа әні "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі "Синьхуа Новости | Xinhua News" парақшасында пайда болды.

Кадрлардан дәрігерлер, еріктілер, гуманитарлық көмек, дүкендердегі бос сөрелер, бетперде киген адамдар, пандемияға ұласқан коронавирустың алғашқы ошағы болған Қытайдың Ухань қаласын көруге болады.

Клип оптимистік түрде аяқталады: дәрігерлер қуанып, жер бетін тұмшалаған бұлттар тарайды, ал балалар маскасыз бақытты болып күліп жүреді.

"Бүкіл әлем коронавирус індетімен күресетін қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Қорқынышты ауруға қарсы күресу, бір-біріне осы қиын-қыстау кездерде көмектесу арқылы ғана COVID-19-ды жеңуге болады. Бұл ән эпидемиямен күрестің басты майданында жүрген дәрігерлерге және оқшауланған адамдарға арналған", - делінген роликтегі жазбада.

"We Are One" композициясының авторлары - Gao Shang/Shang Yang (сөзі) және Dong Nan/Tang Yi (әні).


Димаш жаңа әні туралы өзінің Instagram-парақшасына әлі жарияламаса да, оның өнерін бағалаушылар бейнебаянды талқылап жатыр.

«Бұл ән қайғы, қиындық, сонымен қатар бір-бірімізге қол ұшын созған жағдайда қиындықты еңсеретінімізге сену туралы. Бастысы – оны жеңетінімізге сенім мен үмітті жоғалтпау...», - деп жазды «ВКонтакте» қолданушысы Полина Полинская Димаштың еуразиялық фан-клубының парақшасына.