Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісін мерейтойымен құттықтады

0
964

Димаш Бибігүл Төлегеноваға алғыс айтты.


Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісін мерейтойымен құттықтады

Еліміздің танымал орындаушысы Димаш Құдайберген Қазақстанның аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Димаш құттықтауын Instagram желісінде жариялады.

"Аса құрметті Төлегенова Бибігүл Ахметқызы! Сізді осынау 90 жылдық мерей тойыңызбен құттықтаймын! Әлі есімде 2015 жылы "Славян базарына" барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де жарыста жүрген кезімде жолдаған батаңыз әлі есімде. Қазақ ән өнерінің - анасы екеніңіз сөзсіз", - деп құттықтады Димаш.

ERNUR.KZ.