Димаш Құдайберген: "Рахмет, Москва!"

0
2 004

Мәскеу төрінде өткен қазақ баласының ән кеші қалай өтті?


Димаш Құдайберген:

фото:ғаламтордағы ашық дереккөзден

Мәскеу төрінде қазақ баласының өткізген концерті жоғары деңгейде өтті. Жиылған көпшілік дән риза. Кремль сарайында екі күн қатарынан ұйымдастырылған ән кешінде ине шаншыр орын болған жоқ, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл көрерменнің ыстық ықыласына Димаш Құдайберген өз атынан алғыс айтып, Мәскеуге рахметін жолдады. Бұл туралы дарын иесі өзінің инстаграм парақшасында айтты. Ол өзінің патша көңілді көрермендерінің алдында өнер көрсеткенінен ерекше әсер алып, бақытты сезінетінін жеткізді. Сонымен бірге, керемет кеш үшін маңдай терін төккен ұжымына үлкен алғысын айтты.

Айта кетейік, әлемдік деңгейде қазақ атын танытып, мәртебесін биіктеткен қазақ баласының Мәскеу төрінде өткен ән кешін бүгін Евразия бірінші арнасынан тамашалай алатынын айтты әнші өз жазбасында.