Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті

0
899

Кезекті жеңіс.


Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алды. Әлемді табындырған әнші қуанышты жаңалығымен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Құрметті достар, мен аса қуанышпен сіздермен Ресейлік музыкалық "Виктория" премиясында екі аталымда жеңіске жеткенімді жеткізгім келеді. "Классикалық музыкада жылдың әншісі" және "Жыл жаңалығы" бойынша. Менің барша әлемдегі тыңдармандарыма қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет! Бұл жеңісімді әлемдегі барша тыңдармандарым #dears қа арнадым. Менің Ресейдегі командама және композитор Игорь Крутойға @igorkrutoy65 махаббаттарыңыз бен достықтарыңыз үшін көп рақмет!!!!», - деп жазды Димаш.

"Виктория" - Ресейде жылдың үздігін кәсіпқойлар - музыканттар, орындаушылар, композиторлар, ақындар, продюсерлер, музыка сыншылары, журналистер таңдайтын алғашқы және жалғыз жүлде.

ERNUR.KZ