Димаш Құдайберген: "Жеңістерімді еліме және барлық жанкүйерлеріме арнаймын"

0
145

Димаш Құдайберген өз жеңістерін жанкүйерлеріне арнайды.


Димаш Құдайберген:

Димаш Құдайбергеннің бүкіләлемдік World`s Best жобасының ақтық сынында өнер көрсетуден бас тартқан. Сайыстан тыс қалғанына қарамастан жанкүйерлерден ең жоғары ұпай жинап, алғашқы орынды иемденді. Ол өз инстаграм парақшасында өзіне дауыс берген бүкіл көрермендерге алғыс білдіріп, жеңістерін елі мен жанкүйерлеріне арнайтынын айтты, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Ақтық сынға бақ сынаған жерлесі Данэлия Төлешова мен үндістандық өнерпаз Лидиянды жеткен жеңістерімен құттықтай отырып, көрермендердің ықыласына бөленген өнерпаз болыңдар деген ыстық лебізін жеткізді. Болашақта атақты жұлдыздар селин Дион мен Моцарт секілді әлем мойындайтын тұлға болыңдар деп оларға жол берді.

Димаштың бұл әрекетін жанкүйерлері ғана емес қазақстандық әріптестері де мақтан тұтатындарын жарыса жазып жатыр. "Текті атаның ұлысың ғой, жарайсың! Ұлт мақтанышы Димашты құттықтаймыз!" деп пікір білдірді Қарақат Әбілдина.

"Димашым Жарайсың!","Бұл қадамың нағыз қазақ жігітінің әрекеті" деген пікіплер де бар.

Айта кетейік, күні кеше байқау аяқталып, ақтық сында өнер көрсеткен Лидиян қазақстандық Данэлиядан басым түсіп жеңімпаз атанды. Өз кезегінде Данэлия Төлешова үндістандық өнерпазды құттықтап, өз пікірін жазды. Өзінің аталған байқаудан көп нәрсе түйгенін айтып, Лидиянды ерекше пианина шебері, керемет адам деп баға берді. Сонымен бірге байқау финалисті, қазақстандық Данэлияның жазбасынан Димашқа деген ерекше құрметін және Мәскеуде болатын ән кешінде кездесуді асыға күтіп жүргенін байқауға болады.


Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет