Димаш виртуалды әншімен ән айтып, жұртты таңғалдырды (видео)

0
883

Димаш Құдайберген Қытайда миллиондаған жанкүйері бар жұлдыз-голограмма Ло Тяньимен бірге қытайша ән шырқады.


Димаш виртуалды әншімен ән айтып, жұртты таңғалдырды (видео)

ERNUR.KZ. Қазақстанның танымал әншісі Димаш Құдайберген Қытай телеарнасының эфирінде өнер көрсетті. Ол сахнада аниме-әнші Ло Тяньимен (Luo Tianyi) бірге ән шырқады, деп жазады sputniknews.kz.

Бұл музыкалық номердің видеосы әншінің түрлі пабликтері мен фан-топтарында жарияланды.

Ло Тяньи есімді голографиялық әнші Қытайда өте танымал. Ол аниме кейіпкеріне ұқсайды, ал оны жасау үшін 200 адам жарты жыл бойы еңбектенген екен.

Оның жергілікті әлеуметтік желісіндегі парағына шамамен үш миллион адам жазылған екен. Ол мыңдаған көрермен жинап, концерттер де ұйымдастырады. Әншінің жанкүйерлерін оның шынайы өмірде жоқ екені де аса мазаламайды.


Димаш пен Ло Тяньи Қытай Халық Республикасыда 25 қаңтарда аталып өтетін жаңа жылға орай композиция орындады.

Негізі, голографиялық орындаушылар үрдісі Жапонияда туындаған. Бірақ бүгінгі күні Қытайда 40-қа жуық виртуалды әнші бар, ал Ло Тяньи -арасындағы ең танымалы.