ДИМАШтың Астанада өтетін КОНЦЕРТІНДЕ әлемдік шоу технологиялары пайдаланылады

0
1 475

«Бұл ең үздік шоу болмақ» дейді Димаш Құдайберген Астанада өтетін концерті туралы. Концерт қашан болады?


ДИМАШтың Астанада өтетін КОНЦЕРТІНДЕ әлемдік шоу технологиялары пайдаланылады

Қазақстанның атын бүкіл әлемге паш етіп жүрген Димаш Құдайбергеннің Астанада «Арнау» атты концерті өтеді. Қашан?

Концерт өтетін күннің нақтыланғанын ҚазАқпарат тілшісі жазды.


inform.kz: "Бұл туралы әншінің өзі инстаграм парақшасында жазды. «Күн белгіленді! Бұл ең үздік шоу болмақ. Билет сатылымы туралы кейінірек хабарлаймыз. Қазақстанда 29 маусымда көріскенше!», - деп жазды әнші.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайберген Жастар жылы аясында Астанада «Арнау» атты концерт беретінін хабарлаған болатынбыз.

«Біз сіздермен үлкен маңызды жаңалықты бөліскіміз келеді. Біз өз тарапымыздан талантты жастарды қолдауға дайынбыз. Оның үстіне өздеріңіз білетіндей, биылғы жыл Жастар жылы деп жарияланған болатын. Димаш еліміздің, халқымыздың біртуар азаматы, қазақтың өнері арқылы еліміздің атын бүкіл әлемге танытып жүрген талантты тұлға. Бұның алдында Димаш Ұлттық арнадағы жаңа жылдық шоуға қатысқан болатын. Ал бүгінгі айтылып жатқан жоба бойынша біз Димашпен бірнеше рет кездесіп, ақылдасқан болатынбыз», - деген еді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасы Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, Димаштың Астанадағы концертінде әлемдік шоулардағы технологиялар пайдаланылады".


Сонымен, Димаштың концерті Астанада 29-маусым күні болады.


Дереккөз: inform.kz

Фото: kudaibergenov.dimash

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


АРЫҚТАУ ҮШІН ас содасын қалай ішу керектігін айтты

«Сенікіндей ерекше дауыс біздің эстрадада ешкімде жоқ» деп баға берді (видео)

Ақбота Керімбекова тағы да ЕКІ АТАҚҚА ие болды (видео)