Домбырамен қазақтың әнін шырқаған жапон көпшілікті тәнті етті (видео)

0
4 049

Фуки ЯГИ: "Өнер – ұлтқа бөлінбейді..."


Домбырамен қазақтың әнін шырқаған жапон көпшілікті тәнті етті (видео)

Қазақтың қара домбырасымен ән шырқаған Фуки Ягидің видеосын желіде танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова бөлісті. Ол өзінің жазбасында "Жапония азаматы ФУКИ ЯГИ «MEN QAZAQPYN» жобасында қазақ әнін шырқады. "Өнер – ұлтқа бөлінбейді... Ол керісінше – біріктіреді... Демек, домбыраны қолыма алғанда – Мен қазақпын!» деген Фуки Ягидің төл сөзін қоса жазған.

Білуімзше, Фуки ЯГИ Ұлттық арна ұйымдастырып жатқан «MEN QAZAQPYN» жобасының өнер көрсетушісі. Өзі Жапония азаматы әрі қазақ өнерін зерттеушісі екен.

Кейбір қазақтар тарта алмайтын, қасиетті домбырада ойнаған күн шығыс елінің өнерпазына қалың жұртшылық тәнті болды.


Видео: gulnurorazymbetova

ERNUR.KZ

Бөлісу