«Досымның құрметіне қойдым»: Әбдіжаппар Әлқожа жаңа атын «NURBULLIN» деп атады

0
1 636

«Мен үшін, әулетім үшін Нұрболаттың орны өте бөлек»


«Досымның құрметіне қойдым»: Әбдіжаппар Әлқожа жаңа атын «NURBULLIN» деп атады

Көпшілік отандық танымал әнші Нұрболат Абдуллиннің «Оригинал» деген аты мертіккенінен хабардар. Ол таяуда жаңа ат алып, оған есім беру мәселесіне келгенде желідегі оқырмандармен ақылдасқан болатын. Сонда оқырмандар алуан түрлі есімдерді ұсынған еді. Дегенмен, өнер иесі жаңа сәйгүлігіне қандай ат қоятынын өзі шешкен сыңайлы.


Қазанатына «NURBULLIN» деп ат қойған әншіге досы Нұрболат Абдуллин: «Айналайын ДосЖан рахмет! Қуанышта шек жоқ. Достығымызды одан әрі бекіткеніңнің өзі тектілік. Ақсүйек баптаған Сәйгүлік болсын! Ғұмыры ұзақ, салымы шексіз болсын! Алла разы болсын Жапоғым эй!» деп ризашылығын жеткізді.

Желідегілер: «Атың ұзаққа шапсын», «Көкпар додосында қайнасын, жануар аяғы талмасын, тұяғы сүрінбесін, NURBULLIN есіміне лайықты болсын. Өнердегі досыңның артынан шауып жүре берсін», «Керемет тұлпар екен, жеңістері көп болсын» деп жазды.