"Екі жас бақытты болсын!": Роза Рымбаева келін түсірді

0
4 893

Жас келін - бұрынғы "Асыл" тобының әншісі.


Қазақ халқының эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ұлы Әлиді үйлендіріп, келін түсірді. Халықтың дара туған қызына келін болған бұрынғы "Асыл" тобының әншісі Ақерке Бүркітбай.

Әлеуметтік желіде Әли Оқапов пен анасы Розаның Ақеркенің ұзату тойында болғаны туралы видеолар тарады. Желі қолданушылары Роза Рымбаеваны құттықтап, екі жасқа деген ақжарма тілектерін жарыса жаудыруда.



Айта кетейік, мұның алдында Әли Оқаповтың отбасын құруға дайындалып жатқандығы туралы жарияланған болатын.

Желі қолданушылары олардың арасында махаббат бар екенін көпшілік бұрыннан-ақ сезіп қойған. Әншілер 2016 жылы қалыңдық пен күйеу жігіт образында фотосессия жасаған. Сол уақыттан бастап Әли мен Ақеркенің арасындағы сезім жайлы түрлі пікір тарап кеткен болатын.