«Елубай келді өмірге!»: Сәбит Әбдіхалықов сәбиін перзентханадан шығарды

0
1 345

«Роддом PARTY»


«Елубай келді өмірге!»: Сәбит Әбдіхалықов сәбиін перзентханадан шығарды

Қазақстандық танымал продюсер Сәбит Әбдіхалықовтың отбасында қуанышты жағдай. Өнер иесі тағы да ұлды болды.

Дүниеге келген сәбиге Елубай деген ат берілген. "Алланың қалауымен Елубай өмірге келді. Аллаға мың да бір шүкір", - деп жазды актер.


Бүгін кішкентай Елубайды өнерлі отбасының туыстары мен жанашыр әріптестері, үзеңгілес достары перзентханадан шығарып алды.



Бұл өнер иесінің үшінші некесінде туған екінші ұлы болды. Одан басқа әртістің бірінші некеден бір ұлы мен екінші некеден бес қызы бар. Сонымен қатар, бұл қуанышты жағдаймен Әбдіхалықовты бұрынғы әйелі Айгүл Иманбаева жеке құттықтаған.