Ернар Айдар ХАЛЫҚТЫ енді АЛДАМАЙТЫНЫН айтты

0
2 971

Танымал эстрада жұлдызы Ернар Айдар халықты 6 жыл бойы алдап келгенін елге қалай түсіндірді?


Ернар Айдар ХАЛЫҚТЫ енді АЛДАМАЙТЫНЫН айтты

фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Салған әндері шыққан бойда хит болатын Ернар Айдар өнер айдынына келгелі алғаш рет жанды дауыста концерт өткізді. Бүгінге дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінде өткізілген жеке кештерінде жиылған көпшілік, оның тек фоногаммасын тыңдап келген. Бұл туралы әнші НТК арнасындағы "РЕВЮ" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Түрлі форматта өткізілген кештерінде бір де бір рет жанды дауыста өнер көрсетпеген елдің ерке жігіті, жанды дауыспен ән салуға енді ғана дайын болғанын айтады. Фонагаммаға сеніп, арқасын кеңге жайып келген Ернар, бұдан былай халықты алдамайтынын, тек жанды дауыста ән шырқайтынын ашып айтты.

"Көш - жүре түзеледі", Мәскеудің де бірден құрылмағанын сөзіне тиек еткен, Ернар Айдар бірте-бірте шығармашылығымен қоса өзінің де өсіп жатқанын жеткізді. Қайнап тұрған өнер ортасына келгеннен бастап бүгінге дейін ол ән айтып емес, әншілікке дайындалып жүргенін айтты. Сонымен бірге, бұл туралы о бастан-ақ ескертіпті.

"Осы уақытқа дейін... себебі, мен дайын болмадым. Мен о бастан айтқам, мен әншілікке дайындалып жүрмін деп. Әр адам өзінің шамасына қарап жұмыс істеу керек. Көш жүре келе түзеледі дейді ғой, өсе бересін. Алдында фонограммамен концерт өткіздік пе, ол кезде халықпен жұмыс жасауды үйрендім", - дейді әнші.